Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

20.04.2022

Павлодар педагогикалық университетінде физика пәні бойынша XIV республикалық студенттік олимпиада басталды. Олимпиадаға еліміздің 15 жоғары оқу орнынан 15 команда және барлығы 45 студент қатысуда.

Олимпиаданың ашылу салтанатына ППУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, филология ғылымдар кандидаты Ольга Андрющенко қатысып, студенттерге сәттілік тіледі.

- Биыл біздің университеттің құрылғанына 60 жыл толды. Сондықтан, бұл олимпиаданың маңызы өте зор. Ал осы білім сынағына қатысқан әрбір студент жеңімпаз, барлықтарыңыз жеңімпазсыдар. Сіздерге біздің қаламыз ұнады деген ойдамын. Тек мықтылар ғана жеңіске жетсін, баршаңызға сәттілік тілеймін, - деді Ольга Андрющенко.

Жаратылыстану жоғары мектебінің доценті Руслан Асылбаевтың сөзінше, олимпиада үш кезеңмен өтеді. Бірінші кезеңі жалпы физика курсы бойынша компютерлік тестілеу, екінші кезеңі теориялық, үшінші кезеңі эксперименттік сынақтар.

Еске сала кетейік, олимпиадада ППУ командасы да бақ сынауда. Бірақ, біздің студенттердің нәтижесі есептелмейді. Яғни, барлық орындарды сырттан келген қатысушылар иеленеді деген сөз. Олимпиаданың қорытындысы ертең белгілі болады.