РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ПМПУ-ДА
18.02.2020
«Нұр Отан» ХДП республикалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы ПМПУ-де болып, студенттердің жатақханада өмір сүру жағдайларын тексеріп, жастардың жатақханаларда өмір сүру жағдайларын жоғары бағалады. Яғни, санитарлық жағдай, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, сонымен қатар, Елбасының «Қазақстандағы студенттерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту» бойынша әлеуметтік бастамасының сәтті жүзеге асырылғандығын атап өтті. Айта кету керек, 550 орындық студенттік жатақхана салынуда. Биылғы жылы бұл нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ, Елнұр Сабыржанұлы спорттық нысандарды аралап, университетіміздің инфрақұрылымымен де танысты.