Республикалық жас ақындар айтысына қатысты
21.05.2021
Петропавл қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына арналған “Ұлытаудың ұлары ұлтын сүйген” атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Додалы сайысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен бас қосқан 16 айтыскер ақын қатысты. ППУ атынан ҚТӘ-13 тобының 1 курс студенті Тәуекелов Нұрсерік шықты. Айтысқа академик Зарқын Тайшыбай, белгілі ақындар Ғалым Жайлыбай, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы және белгілі кәсіпкер Жомарт Омаров қазылық етті. Жас айтыскер ақын додалы сайыста бар өнерін көрсетіп, дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.