РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЫРШЫ-ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
13.08.2023
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы, дәстүрлі әнші Салтанат Қисатова Мәшһүр Жүсіптің 165 жылдығына арналған «Көне ғасыр күмбірі» атты жыршы-термешілер байқауының екінші орын иегері атанды. Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының құрметіне арналған дүбірлі додағы Павлодар, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстарынан келген 10 өнерпаз қатысты. Байқау 2 кезең бойынша өтті. Байқаудың екінші кезеңдегі шарты бойынша қатысушылар Мәшһүр атамыздың екі шығармасын және өзінің таңдауындағы бір термені орындауы керек. Салтанат "Бес парыз", "Дауасыз дерт" туындыларын тамаша шеберлікпен орындады.
Байқауда бағы мен бабы шапқан түркістандық Еділ Жораев топ жарса, әріптесіміз Салтанат Тасболатқызы екінші орыннан көрінді.
Термешілердің өнеріне әділ бағасын берген қазылар алқасына елімізге белгілі жырау Алмас Алматов төрағалық етті. Әріптесімізді алған жүлдесімен құттықтаймыз!