РЕКТОРДЫҢ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА
29.12.2020
Павлодар педагогикалық университетінде Басқарма төрағасы Ж.Жилбаевтың жоғары мектептермен және құрылымдық бөлімшелермен кездесуі жалғасуда. Бүгін Ж.Жилбаев жаратылыстану жоғары мектебі мен университеттің М. Қанапиянов атындағы колледжі ұжымымен кездесті.
2019-2020 оқу жылындағы ғылыми-оқытушылық құрамның дәрежелерінің көтерілуі, ғылым мен тәжірибе және білім беру бағытындағы жетістіктердің қорытындысы шығарылды. Кездесуде білім беру бағдарламаларының даму мәселелері, зертханаларды материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту, кәсіптік бағдар мен тәрбие жұмыстары сөз болды.
ППУ-дың құрылымдық бөлімшелерінің бірі – М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжі мектепке дейінгі білім мен тәрбие, дене шынықтыру және спорт, негізгі орта білім мен музыкалық білім беру сияқты мамандықтарды дайындайды. 2020 жылдың шілде айында колледж 5 жылға арналған институционалды аккредиттеуден өтті. Колледж директоры Г.Мусанова өз баяндамасында аталмыш оқу орнының қазіргі жағдайы, келелі мәселелері мен болашақ дамуы турасында айта кетті. Соның бірі ғылыми-әдістемелік қызметі аясындағы мәселе – мектеп және мектепке дейінгі мекемелермен ғылыми-тәжірибелік қарым-қатынас; кәсіби педагог тұлғасына сай, педагог мамандарын даярлайтын бағдарламаларды жаңарту; инклюзивті білім беру бағдарламасын ретке келтіру және арнайы курстар өткізу.
Келешекте сапалы мұғалімдер дайындау үшін мыналар қажет:
• арнайы пәндерге арналған сыныптардың материалдық базасын жақсарту;
• латын графикасы кабинетінің ашылуы;
• IТ инфрақұрылымын, сандық білім беру ресурстарын дамыту
• колледждің жеке кітапханасын ашу қажеттігі;
• жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтар сатып алу.