РЕКТОРДЫҢ УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫМЕН ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУІ
26.08.2022
Павлодар педагогикалық университетінде ректордың оқу жылына дайындық бойынша ұжыммен жыл сайынғы кездесуі өтті. Офлайн және онлайн режимінде өткен жиынға университет ректоры Жанбол Жилбаев, проректорлар, профессорлық-оқытушылар құрамы және 1-2 курстың барлық студенттері қатысты.
Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Жанбол Жилбаев өз сөзінде жиналғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Ғылым және жоғары білім министрлігі отандық ғылым саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар міндеттерді жариялады.
Кездесу барысында университет проректорлары Ольга Андрющенко мен Бауыржан Есенгелдин «Адами капитал – Жаңа Қазақстан дамуының басты ресурсы» Ғылым және жоғары білім форумы туралы, ұлттық білімнің алдында тұрған жаңа міндеттер туралы айтты.
Кездесу барысында университет ректоры Жанбол Жилбаев пен проректорлар ұжыммен университет ғылымының рөлін арттыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, ғалымдарды ғылыми жобаларға тарту тақырыбына көп көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және стартап жобаларға грант бөлуді ұлғайту мәселелері көтерілді. Ғылым мен бизнестің өзара әрекеттестігі, жас ғалымдарды ғылымның тар салаларына тарту тақырыбына көп көңіл бөлінді.
Баяндамашылардың айтуынша, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жоғары оқу орындарының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – ғылымды қаржыландыру. Елдегі ғылыми қызметтің нақты нәтижелеріне қол жеткізу қажет. Атап айтқанда, министрдің «Ғылым қолданбалы сипатқа ие болуы керек, бізге адамдардың өмірін жақсартатын ғылыми жетістіктер, жаңалықтар, өнертабыстар қажет» деген сөзі айтылды.
Университет ғалымдары өз кезегінде өз қызметіндегі өзекті мәселелерді айтып, университет ғылымын дамыту бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын ортаға салды.