Перейти к содержимому страницы.

ППУ ректоры ұжыммен кездесті

22.09.2021

Бүгін мәжіліс залында Павлодар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы-ректор, профессор Жанбол Жилбаевтың ЖОО оқытушылары мен қызметкерлерімен кездесуі өтті. Университет басшысы 2021 жылы атқарылған жұмыстар мен университеттің даму жоспарлары туралы қысқаша есеп берді.
Пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап ректор өз міндеттеріне кіріскен кезде университеттің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Университет қызметінің барлық саласында: ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық және әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстар атқарылды.
Ректор Жанбол Жилбаев өз сөзінде биылғы жылы ЖОО-ға оқуға түскен студенттердің жоғары сапасына назар аударды. "Бүгін бізге өте мықты мектеп түлектері келді, олар жоғары сапаға ынталандырылған, сол себепті осы дәрежені түсіріп алмауымыз қажет. Бірінші курс студенттері сіз бен бізден жоғары жауапкершілікті талап етеді, оқытушыларымыздың біліктілік деңгейін арттыру қажет. Бұл жерде біздің университетіміздің әрбір оқытушысы жай ғана лектор болып қана қоймай, біздің міндетіміз - оқытушылардың барлық құрамы тәжірибелі профессорлардан кейін модераторлар, сарапшылар, зерттеушілер деңгейіне кезең-кезеңімен көшуі", - деді Жабол Октябрович.
Ректордың пікірінше, өзіндік білім беру траекториясын құрастыратын, қосымша құзыреттер алатын, командада жұмыс істей алатын студенттің жаңа форматын қалыптастыру қажет. "Сонда біз өмір бойы оқып жүрген, тек іздеп қана қоймай, өзі және басқалары үшін жұмыс орындарын құра алатын түлекке тікелей шыға аламыз", - деді Жанбол Октябрович.
Ректор ұжым алдына коммерцияландыру процестерін дамыту, зерттеу қызметін жандандыру, профессор-оқытушылар құрамының алдағы екі жылға белсенділігін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.
Одан әрі оқытушылар мен қызметкерлер университет басшылығының бастамалары бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді. Кездесуге қатысушылар ректордың университетті одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарын оң бағалады.

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet