Перейти к содержимому страницы.

РЕКТОР ЖАТАҚХАНАДА ТҰРАТЫН ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

30.12.2020

Жаңа жыл қарсаңында Басқарма төрағасы – ректор Ж.Жилбаев «№1 Студенттер үйінде» болып, ППУ-ға шетелден оқуға келген студенттермен кездесті. Жатақханада қазіргі карантин жағдайына байланысты пандемия салдарынан үйіне қайта алмаған Моңғолия мен Қытай елдерінен келген 16 студент тұруда.

Ректормен кездесу бейресми түрде, мерекелік дастархан аясында өтті. Студенттер Жанбол Октябровичке оқу және ғылым туралы қызықтырған сұрақтарын қойып, көкейдегі түйткілді ойларымен бөлісті. Жастардың сөзін тыңдап отырып, ректор өзінің студенттік кезіндегі естеліктерімен сырласты  және студенттерге бос уақыттарын құр өткізбей, спортпен шұғылдануға, тілдерді меңгеруге, өздерін жан-жақты дамытуға ақыл-кеңес берді.

Жаңа жылды студенттер жатақханада қарсы алмақ. Әсерлі кеш Хавлен Айсетердің укулеле музыкалық аспабында орындаған әуезді әнімен жалғасты.

Жанбол Октябрович балаларды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, оқуларына сәттілік тілеп, жаңа жылдық сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табыстады.

Өз кезегінде студенттер карантин кезінде университет ұжымының көрсеткен көмегі үшін, осындай кездесулер ұйымдастырып, әрдайым қолдау білдіріп отыратын Павлодар педагогикалық университетінің басшылығына алғыстарын айтты.

obshaga

obshaga2

obshaga3

obshaga4

obshaga5

obshaga6

                                                                                                                                                        Баспасөз қызметі