Ректор Жанбол Жилбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
01.10.2021
Павлодар педагогикалық университетінің акт залында Ұстаздар күнін мерекелеуге арналған ұжымның салтанатты жиналысы өтті.
Ректор Жанбол Жылбаев қызметкерлерді келе жатқан Мұғалімдер күнімен құттықтап, университетте оқытушының қажырлы еңбегін ғылыми қызметпен шебер ұштастырған жоғары білікті оқытушылар жұмыс істейтінін, үнемі жаңа, инновациялық әдістер мен шешімдер қолданып, үнемі ізденісте жүретінін атап өтті. Бүгінде университеттің мыңдаған түлектері еліміздің барлық аймақтарында табысты еңбек етуде.
«Мұғалімнің еңбегі шын мәнінде баға жетпес, ал педагогикалық университет оқытушысының еңбегі екі есе қиын, өткені біздің түлектер қоғамдағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу миссиясын жүзеге асыруда », - деп атап өтті Жанбол Октябряұлы.
Ректор Жанбол Жилбаев мінсіз еңбегі мен болашақ мұғалімдердің білімі мен тәрбиесіне қосқан зор үлесі үшін университеттің 31 оқытушысы мен М. Қанапиянов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 5 оқытушысына Павлодар педагогикалық университетінің құрмет грамоталарын табыстады.
Университеттің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Жаева үш мұғалімге Қазақстан Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Павлодар облыстық ұйымының төрайымы Гүлбарам Наурызбаеваның атынан құрмет грамоталарын табыс етті.
Мерекелік шара соңында дарынды оқушылар ұстаздарға жарқын концерттік нөмірлер сыйлады.