РЕКТОР УНИВЕРСИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
28.05.2025
Бүгін Марғұлан университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы Түркістан қаласында өткен XIII жазғы Универсиада жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті.
Біздің спортшылар үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, жеңіл атлетика секілді спорт түрлерінде тамаша нәтиже көрсетіп, барлығы 23 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 8 алтын, 7 күміс, 6 қола медаль бар.
Жеңіл атлетика бойынша жарыстарда жеке есепте жүлдеге іліккен спортшыларымыз көп болды. Жалпыкомандалық есепте қыздар құрамасы – 1-орын, ұлдар құрамасы – 2-орын иеленді.
Сонымен қатар, университет студенттері келесі спорт түрлерінде де жоғары нәтиже көрсетті:
- Шахматтан – жалпыкомандалық есепте 4-орын,
- Тоғызқұмалақтан ерлер құрамасы – 2-орын,
- Үстел теннисінен қыздар мен ұлдар құрамасы – 3-орын.
Ректор Ержан Әмірбекұлы студент-спортшылардың еңбегін жоғары бағалап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі:
«Университет сіздерге әрдайым қолдау көрсетіп, әлеуеттеріңізді ашуға тырысады. Ғылыми, білім беру және спорттық шараларға қатысуларыңыз – болашақта кәсіби маман, педагог ретінде қалыптасуларыңызға үлкен септігін тигізеді.