2022 ЖЫЛҒЫ 3 МАУСЫМДА «ЕРТІС» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ЭФИРІНДЕ «РЕФЕРЕНДУМ-2022: ӨЗГЕРІС ЖАСАУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА» АТТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
03.06.2022
Баспасөз мәслихатына Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары қатысты. ППУ тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректорының міндетін атқарушы Болат Құдайбергенұлы, тарих ғылымдарының кондидаты, Гумантиралық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Кәрімова Анар Еркенова, тарих ғылымдарының кандидаты, лоцент Қанафин Қанат Қинаятұлы, және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Күзембаев Нүркен Ерболұлы қатысты.
Сонымен қатар, журналисттер қауымы да келді. Жалпы қатысушылар саны 10 адам.
Ақпараттық қолдауды «Ертіс» телеарнасы көрсетті.
Кездесу барысында қатысушылар конституциядағы өзгерістерге байланысты өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Қоғам мен ел өміріне жан-жақты әсер ететін конституцияны қолдау туралы ақпарат алып, әрі қарай еліміздің қарқынды дамуына, жаңа өзгерістердің орнауына септіктерін тигізетіндігі туралы түсіндірілді.