РАУШАН ҚАНАПИЯНОВАНЫҢ УНИВЕРСИТЕТКЕ ІС-САПАРЫ
14.08.2022
Павлодар педагогикалық университетіне Мәскеу мәдениет институтының профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы, көрнекті ағартушы педагог Мұсахан Қанапияновның қызы Раушан Қанапиянова арнайы іс-сапармен келді.
Мәскеулік делегатқа алдымен университеттің тыныс-тіршілігін айқындайтын, білім ордасының тарихынан сыр шертетін литорграфиялық тақта таныстырылды. Бұл жерде Ертіс-Баян өңіріндегі ұстаздар ордасының кешесі мен бүгіні, тамырын тереңге тастаған тарихы, тіпті ішкі құрылымы мен жеткен жетістіктері бейнеленген. Іле, мәртебелі мейманға көрнекті ағартушы, педагог Мұсахан Қанапиянов туралы деректі фильм ұсынылды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Мұсахан Қанапияновтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында, университет ғалымдары педагогикадық колледжге Қанапияновтың есімін беруді көтерген еді. Содан бері Павлодар педагогикалық университетінің колледжі педагог есімімен аталады. Айта кету керек, Раушан Мұсаханқызы колледж өмірінен де танысып, әке ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан бөлек, Сұлтанбект Сұлтан мұражайына ат басын тіреді.
Шара барысында Раушан Мұсаханқызы сөз сөйлеп, университет ұжымына алғыс білдірді. Білім саласын дамытуға бағытталған ауқымды істердің жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқандығын да тілге тиек етті. Жалпы, қазақ – қонақжай халық. Университет ұжымы осы тімсілді тірк етпей, алыстан келген қонаққа құшақ толы гүл ұсынып, ыстық ықыласын жеткізді.