ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕКАРАСЫН КЕҢЕЙТУДЕМІЗ!
03.03.2022
Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік банк пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мұғалімдердің білім беру әлеуетін күшейту» бірлескен жобасы аясында оффлайн оқытудың 3-ші кезеңі аяқталуда. Павлодар педагогикалық университетінің әзірлеушілер тобын инклюзивті, үздіксіз білім беру, оқытудағы зерттеулер, студентке бағытталған және тәжірибеге бағытталған оқыту бойынша Фин елі және Назарбаев университетінің сарапшылары оқытты.
Үшінші кезең әзірленген білім беру бағдарламаларын көрсетумен аяқталады. Білім беру бағдарламаларын әзірлеумен қатар, жетекші университеттердің командалары жаңа білім беру бағдарламаларының негізін құрайтын педагогикалық зерттеулерді ұсынады. Павлодар педагогикалық университетінің пилоттық жобасының тақырыбы – «Мұғалімдердің зерттеушілік шеберлігін арттыру».
Әзірлеушілердің, финдік сарапшылардың және Назарбаев Университетінің негізгі сарапшыларының бірлескен отырыстары қазақстандық білім берудің негізгі мәселелерін шешуге бағытталған. Жоба нәтижесінде ұлттық тәжірибе мен озық әлемдік тәжірибеге негізделген инновациялық білім беру бағдарламалары жасалады.