Перейти к содержимому страницы.

Р.НҰРТАЗИНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

09.03.2021

 «Мектеп және жоғары оқу орындарындағы заманауи лингводидактика» біліктілікті арттыру курстары әйгілі қазақстандық педагог-новатор,  филолог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Нұртазина Рафиқа Бекенқызының 100 жылдығына арналған «Заманауи әлемдегі мектеп – мұғалім – инновация» атты Бірінші Халықаралық Педагогикалық оқулары аясында өткізілді.   

Курс бағдарламасы филология саласындағы заманауи тенденцияларды, ассимиляция теориясы мен мектеп және жоғары оқу орындарында филология пәндерін оқыту әдістемесін жаңартуға бағытталған.

Бірінші күні курс қатысушыларына Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Синячкин В.П., ф.ғ.д,  ППУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Темірғазина З.К. және ф.ғ.д, Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры Уразаева К.Б. мазмұнды дәрістерімен бөлісті.  

Біліктілікті арттыру курсының екінші күні ф.ғ.д, Ресей халықтар достығы университетінің орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Бахтикиреева У.М., Назарбаев Университетінің  қазақ тілі және түркітану кафедрасының профессоры ф.ғ.д, Күзеков З.С. және ППУ-дың гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, ф.ғ.д, Б. Сағындыұлы құнды кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.   

Педагогикалық және ғылыми шығармашылықты оқыту негіздерін ф.ғ.к., ППУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің доценті Нығметова Б.Д., әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Шаймерденова Н.Ж., ф.ғ.д., ППУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Агманова А.Е. және ф.ғ.к., әл-Фараби ат. ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының  доценті Аманжолова Д.Б. интерактивті сессияларында талқылады.  

BA

BA2

BA3

BA4

BA5