Перейти к содержимому страницы.

Ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

23.12.2020

«Биология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Бақытгүл Сапарбекова Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері  арасындағы «II Халықаралық басылымы» және «Үздік жас ғалым – 2020» жобасының қатысушысы атанды. Конкурсқа Н.П. Корогод, Г.К. Тулиндинова, Б.Ж. Баймурзина, Б.С. Сапарбекова бірлескен авторларының «Биология. Жауаптары бар тест, есептер мен тапсырмалар жинағы» әдістемелік құралы ұсынылды.

Жобаға қатысу нәтижесі бойынша магистранттың ғылыми жұмысын қазылар алқасы жоғары бағалап, I дәрежелі дипломмен марапаттады. Конкурс қорытындысы бойынша мақала ТМД елдерінің «Үздік жас ғалым – 2020» II Халықаралық кітап басылымында ISBN халықаралық кодымен жарияланды. 

Бақытгүл Сапарбекованың ғылыми жетекшісі - Жаратылыстану жоғары мектебінің «Биология» білім беру бағдарламасының доценті б.ғ.к., доцент Н.П. Корогод, жас ғалымға көрсеткен қолдауы мен жетекшілігі үшін Алғыс хатпен марапатталды.

 

Vklad2

Vklad4

Vklad5