ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған химия пәнінен VI ЖОО ішіндегі пәндік олимпиада қорытындысы шығарылды
02.12.2021
Павлодар педагогикалық университеті базасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына арналған жыл сайынғы Химия пәнінен VI ППУ ішілік пәндік олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты химия пәнінен халықаралық және республикалық олимиадаға қатысуға студенттерді даярлау және химия мамандығын таңдауға қала және облысымыздың мектеп оқушыларын баулу.
Олимпиадаға университетіміздің "Химия" және "Химия-Биология" ББ 1 курс студенттері және Павлодар қаласы мен облысымыздың мектеп оқушылары қатысты.
Биылғы жылғы олимпиаданың ерекшелігі болып, Павлодар және Екібастұз қаласы мен Ақсу өңірі мектептерінен 30 оқушы қатысып отырғанын атап өткен жөн.
Олимпиада қорытындысы бойынша орын алған студенттер мен оқушылар арнайы дипломмен, оларды даярлаудағы үлесі үшін ғылыми жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша студенттер арасында орын алған жеңімпаздар:
І Дәрежелі диплом
- Иманкулова Самал
ІІ Дәрежелі диплом
- Калиева Рината
ІІІ Дәрежелі диплом
- Хуантхан Нұрсерік
- Жамалханова Барно
- Лодня Елизавета
Олимпиаданың нәтижесі бойынша мектеп оқушылары арасында орын алған жеңімпаздар:
І Дәрежелі диплом
- Габдуллина Аяжан
- Халамсия Айдана
ІІ Дәрежелі диплом
- Көбенбай Ақмарал
- Маханов Темирлан
- Абай Зейнеп
- Мүбәрек Айша
ІІІ Дәрежелі диплом
- Баярхан Оразбек
- Тілеубекқызы Қарашаш
- Шоканова Гульсара
Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз, оларға табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!