ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Павлодар педагогикалық университетінің еркін және әйелдер күресінен ашық біріншілігі
29.11.2021
Өткен демалыс күндері Павлодар педагогикалық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған еркін және әйелдер күресінен ашық біріншілік өтті.
Жарысқа Нур-Султан, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларынан, сондай-ақ Павлодар облысының Ақтоғай, Ертіс және Қашыр аудандарынан 100-ге жуық спортшысы қатысты.
Ең мықты балуандар атағы үшін 10 команда бақ сынасты, олардың құрамында 1-2 курс студенттері, колледж оқушылары қатысты.
Кәсіби бағдарлау мақсатында біріншілікке қала және облыс мектептерінің түлектері шақырылды. Балалар жарысқа қатысып қана қоймай, оқытушылармен танысуға, педагогикалық ЖОО - ның спорттық өмірін, ұлттық деңгейдегі мықты спортшылардың ұстаханасын көруге мүмкіндік алды.
Жарысты өткізуге Павлодар педагогикалық университетінің "Өнер және спорт" жоғары мектебінің деканы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Валентина Лебедева, п.ғ.к., доцент, еркін күрестен халықаралық санаттағы төреші Аманғазы Сыздықов, сондай-ақ Павлодар облысының бас жаттықтырушысы Ержан Қыстаубаев белсенді қатысты.
"Біз қатты қобалжыдық, өйткені ұзақ уақыт ішінде мұндай іс-шара, әсіресе қыздарға арналған жарысты бірінші рет өткізіп отырмыз. Осы іс-шараны өткізуге қолдау көрсеткендердің барлығына алғысымды білдіремін", - дейді п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, "Өнер және спорт" жоғары мектебінің доценті Жанар Усина.
Павлодар педагогикалық университетінің атынан сайысқа қыздар мен жігіттердің құрама командалары, сондай-ақ М.Қанапьянов атындағы жоғары колледждің құрама командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының еркін және әйелдер күресінен чемпионатына қатысу үшін Павлодар облысының құрама командасына ең мықты қыздар іріктелді.