Перейти к содержимому страницы.

ҚР Білім және ғылым министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары

30.09.2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тобыл өңіріне арнайы іс-сапармен келді. Министр облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарында, білім ошақтарында болып, педагогтермен кездесті.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың алғашқы аялдаған жері Қостанай қаласы болды. Ол облыс орталығындағы Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне барып тағзым етті

Еліміздің бас педагогінің жұмыс сапары Қостанай ауданындағы Мичурин орта мектебінде жалғасты. Мұнда ұстаздар бірқатар ұсыныстар айтты. Елімізде пандемия салдарынан қашықтан оқуға байланысты білім саласында бірқатар олқылықтардың болғанын, оның орнын қалай толтырып жатқандарын сұрады. Ұстаздар қазір білім ошақтарында сабақ кестесі 45 минуттан болса, сол бес минуты өткен оқу жылындағы сабақтарды қайталауға арнап отырғанын жеткізді.

Бастауыш сынып сабағына кірген Асхат Аймағамбетов оқушылармен де тілдесті. Балалар мұғалімнің алдында білмегеніңді сұрап, мектепте оқығаннан артық ештеңе жоқ екенін жеткізіп жатты.

Жалпы бүгінде аймағымызда оқушылар тасымалы мәселесі оң шешімін тауып келеді. Мәселен, республика бойынша мыңға жуық автобус болса соның 130-ы Қостанай облысына тиесілі. Біздің өңірде барлығы 2500 бала тасымалданады. Оның 1300-і күнделікті, қалғаны яғни интернатта жататыңдарды дүйсенбі және жұмыс күндері тасымалдайды.

 

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet

Uchenui Sovet