"ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ" АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
01.09.2022
Павлодар педагогикалық университетінің ауласында 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, оқу орынның табалдырығын алғаш аттаған барша 1 курс студенттерін ресми қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шараның басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріліп, әнұранымыз шырқалды. Білім мерекесіне университеттің басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев қатысып, барша ұстаздар қауымы мен студенттерді мерекемен құттықтады.
- Құрметті ұстаздар қымбатты студенттер және ата-аналар! Сіздерді бүгінгі білім күні мееркесімен шын жүректен құттықтаймын! Бірінші қыркүйек барша халықтың ортақ мерекесі. Кейбір азаматтар кезінде мектеп, колледж және жоғары оқу орын табалдырығын аттаған күндерін еске түсірсе, жас ұстаздардың алғашқы жұмыс күнінен алған әсері мен толғанысын айғақайтын ерекше күн. Биыл ұстаздардың қара шаңырағы – Павлодар педагогикалық университеті өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айшықты мерейлі датаға орай көптеген маңызды істер мен жүйелі жұмыс атқаралуда. 60 жыл ішінде 40 мыңнан астам маман даярлап, өз брендін қалыптыстырды. Сонымен қатар, биыл ақын, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері Ахмет Байтұсынұлының 150 жылдық меерйтойы.біздің университет педагогикалық бағытта болғандықтан ұл ұстазын ұлықтау – басты парызымыз. Құрметті бірінші курс студенттері! Сіздер көппен бірге топқа түсіп, сыннан сүрінбей өтіп студент атандыңыздар. Бұқл сіздердің ең алғашқы жеңістеріңіз. Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілеймін. Білім алу жолында қанаттарыңыз талмасын - деді Жанбол Октябрьұлы.
Сонымен қатар, университеттің «Ақылдастар алқасының» мүшесі, Жаратылыстану жоғары мектебінің профессоры Бақтияр Найманов, Павлодар облысы «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Санира Жүсіпова ұстаздар мен студенттерді мерекемен құттықтады.
Жиын барысында Павлодар педагогикалық университетінің атын шығарып, абыройын көтеріп жүрген 4 курс студенттері оқу орынның туын биыл қабылданған 1 курс студенттеріне салтанатты түрде табыстады. Иә, олар да алдағы төрт жыл көлемінде қара шаңырақтаң ақ жалауын құлатпай, абыроймен көтереді деген сенімдеміз. Сондай-ақ, жас талапкерлер «Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Павлодар педагогикалық университетінің Жарғысын, ішкі тәртіп және Студенттер үйінің тұру ережелерін және басқа да нормативтік актілерін сақтауға ант етеміз» деп, алғашқы студенттік ант қабылдады.
Білім күніне арналған ерекше жиын педагогикалық университетінің танымал түлектерінің бірі, жас әнші Оразбек Бақытханның «Жас ұстаздар» әнімен түйінделді. Айта кету керек, бұл біздің түлегіміз Оразбектің авторлық туындысы болып табылады.