Перейти к содержимому страницы.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫНАН ӨТТІ

24.06.2024

Марғұлан университетінің қызметкерлері Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебінде «Сапалы зерттеу әдістеріне кіріспе» кәсіби даму курсынан өтті. Курстың ашылу салтанатына деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Цедисо Майкл Макоэлле мен профессор Наурин Дуррани қатысты. Олар құттықтау сөз сөйлеп, курстың барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.

Курс оқытушылардың академиялық ізденіс дағдыларын арттыруға бағытталғандықтан, бағдарламаға қатысу үшін ЖОО-ның барлық жоғары мектептерінен оқытушылар шақырылды. Бұл тыңдаушылардың теориялық сабақтарда алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдану дағдысын арттырады және ол баяндамашылардың инновациялық зерттеуге негізделген оқыту әдістерімен толтырылған.

Курсқа Қазақстанның бес жоғары оқу орнынан тыңдаушылар келіп қатысты. Марғұлан университетінің қызметкерлері осы сабақтан алған білімдерін өз оқу орнында сапалы ғылыми зерттеу жұмыстрын жүргізуге пайдаланатын болады.