ҚЫЗДАРЫМЫЗ САМБОДАН ОБЛЫС КУБОГЫНДА МЕДАЛЬДЕРҒА ИЕ БОЛДЫ
22.11.2022
Павлодар педагогикалық университетінің студенттері 18-20 қараша аралығында Павлодар қаласында самбодан ересектер арасында өткен Облыстық кубоктың жеңімпаздары атанды.
Өнер және спорт жоғары мектебінің студенттері Сайлаубай Аяна, Серікбай Аяулым, Мұхан Әлия және Кәкімова Аружан өз салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, облыс кубогында алтын медальдарға ие болды.
Қарсыластарымен табанды күресте Керім Еркемай мен Ниязбек Карина екінші орынды қанжығасына байлады.
Лайықты ІІІ орынды Рахметолла Аяулым, Жақан Қаракөз және Әмірен Жәмиля жеңіп алды.
Барлық қыздар әйелдер күресі секциясына қатысады, оларды ұстаздар Қайрат Баязитұлы Темірболатов пен Жанар Амангелдіқызы Усина дайындайды.
Жанна Усинаның айтуынша, екі айлық дайындықтан кейін самбодан аймақтық кубок университеттің үздік спортшылары іріктелген алғашқы маңызды жарыстардың бірі болды.
Бұл Универсиадаға қазақша күрес пен самбодан ерлер мен әйелдер құрамалары іріктеу өтетін мерейтойлық университет біріншілігіміздің басталуы.
Ал желтоқсанда Қазақстан чемпионатына іріктеу өтеді.
«Біз дайындаған қыздардың барлығы дерлік самбодан аймақтық кубокта жүлделі орындарға ие болды. Төрешілер мен әріптес жаттықтырушылар қыздардың дайындығына жоғары баға бергеніне өте қуаныштымыз. Бңз дайындықты әрі қарай жалғастырамыз, тек самбодан ғана емес, қазақ күресінен де қатысуды жоспарлап отырмыз», – дейді Жанар Амангелдіқызы.