ҚЫСҚЫ МЕКТЕП
12.01.2026
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Құзыреттер және үздіксіз білім беру орталығы базасында профессор-оқытушы құрамына арналған Қысқы мектеп жұмысын бастады.
Іс-шара 2026 жылғы 12-16 қаңтар аралығында күндізгі форматта өтеді және семинарлар, шеберлік сыныптары, дәрістер мен пікірталас алаңдарын қамтиды.
Қысқы мектептің мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және оқу үдерісіне заманауи білім беру технологияларын енгізу.
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
