Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ЖАҢА ФОРМАЦИЯДАҒЫ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ

24.08.2023

«Адами капиталдың дамуы - ел экономикасы өсуінің негізі» жоғары білім және ғылым форумы» жоғары білім және ғылым форумы аясында Назарбаев университетінің алаңында «Қазіргі қоғамдағы жаңа формация мұғалімдерін даярлау» панельдік сессиясы өтті.

ҚР ҰҒА вице-президенті Дархан Билялов, ҚР Білім вице-министрі Еділ Оспан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, «Teach for Kazakhstan» жобасының жетекшісі Гүлнара Салменова, НАМК қолданбалы ғылымдар университетінің Хяме жобасының директоры Маарет Вискари, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының үздіксіз кәсіптік білім беру институтының директоры Маржан Ғалымжанова, ҚР ҰҚМ өкілдері және жоғары оқу орындарының проректорлары баяндама жасады.

Панельдік сессияға Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өкілдері, педагогикалық жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі директорлары, білім беру бағдарламасының 30 онлайн-әзірлеушілері мен көшбасшылары қатысты.

Модератор Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Қанай Гүлмира болды.

Тараптар педагогикалық білім беру тұжырымдамасын, «Жайлы мектеп» жобасын іске асыруды, педагогтерге қойылатын кәсіби талаптарды, білім беру бағдарламалары бойынша басшылықты іске қосуды, білім беру сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты жақсартуды, жаңа инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізуді талқылады.

Сессия барысында мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру үшін университеттер, министрліктер мен оқу орындары арасындағы белсенді өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, оқыту бағдарламалары мен әдістемелерін оңтайландыру, сондай-ақ жаңа формациядағы мұғалімдер үшін кәсіби ортаны қалыптастыру бойынша ұсыныстар түсті.

Қатысушылар өз кезегінде одан әрі ынтымақтастыққа және мұғалімдерді даярлауда жаңа инновациялық тәсілдерді енгізуге дайын екендіктерін білдірді.