Перейти к содержимому страницы.

«ҚАЗАҚСТАНҒА ХАЛЫҚТАРДЫ ДЕПОРТАЦИЯЛАУ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1937-1956)» ҒЫЛЫМИ-ӘДІСНАМАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

20.02.2023

«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» базасында «Қазақстанға халықтарды депортациялау тарихын зерттеу мәселелері (1937-1956)» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті. Депортация тарихы ұлттық тарихтың маңызды беттерінің бірі болып табылады және тарихи зерттеулерде маңызды орын алады.

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Каримова Анара Еркеновна кіріспе сөзінде семинардың «Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен» меморандум аясында ұйымдастырылғанын атап өтті.

Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Калыбекова Манар Чальтеновна семинар барысында ғылыми зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті, жас зерттеушілердің назарын әлі де жеткілікті зерттелмеген және өзекті депортация тарихының әртүрлі аспектілеріне аударды. Сондай-ақ, семинарға Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты басшысының орынбасары Кубик Надежда Александровна қатысып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі, мұрағаттық құжаттарды зерделеу жөніндегі жұмыстың ерекшеліктері туралы айтып берді.

Семинарға саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссиясының жұмыс топтарының жетекшілері мен мүшелері - А.Е. Каримова, А.С. Молдакимова, А.М. Сыздыкова, А.С. Аманова, А.М. Садыкова, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы, «Тарих» білім беру бағдарламасының докторанттары, магистранттары мен студенттері қатысты. Барлық қатысушылар ғылыми пікірталасқа қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.