ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ТЕҢДІГІ
03.04.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің кадр комиссиясының мүшелерімен «Ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтарының теңдігі» тақырыбында кездесу болды. Шара Павлодар облысында этносаралық қатынастарды дамыту жоспары аясында өтті.
ҚХА кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. А.С. Молдакимова модератор ретінде қатысып, қазақстандықтардың тұрақтылық пен келісімнің өзіндік үлгісін жасауда айтарлықтай жетістіктерге жеткені айтылды. Қазақстан Конституциясы адамдардың нәсілдік, этникалық, діни және әлеуметтік қатыстарына қарамастан барлық азаматтардың тең құқықтарының кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында адам құқықтары саласындағы іргелі халықаралық нормалар мен қағидаттар толық көрсетілгені атап өтілді. Қазақстанда қоғамның барлық салаларында азаматтардың этникалық теңдігі іс жүзінде жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілері кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салады. Әңгіменің мәніне қысқаша тоқталатын болсақ, біздің қоғамда ең алдымен жаңа ұлттық құндылықтардан – заңның үстемдігінен, мемлекеттік дәстүрден, құқық теңдігінен бастау керек деп есептейміз.