Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ САБАҒЫ

15.02.2023

15 ақпанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған мерейтойлық жыл басталды. 2023 жылдың 30 қыркүйегінде Павлодар облысының Достық үйі өзінің 15 жылдығын атап өтеді.

Университетімізде Достық үйінің мерейтойына арналған іс-шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай сабағынан бастау алды. Баяндамашылар Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы, т.ғ.к. Анар Кәрімова, «Жастар Ассамблеясы» ҚБ өкілдігінің төрағасы Рамиль Смайылов, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, т.ғ.к. Әсел Аманова, ППУ ҚХА кафедра меңгерушісі, т.ғ.к. Әлия Молдакимова. Модератор қызметін т.ғ.к. Болат Құдайбергенұлы атқарды.

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы Әсел Аманова Достық үйінің құрылу тарихына, оның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне, ең ауқымды жобаларына тоқталды. 2008 жылы 30 қыркүйекте Павлодар облысындағы «Достық үйі» мәдени-демалыс орталығының ашылуы болды. Бүгінде Достық үйі маңызды іс-шаралар өтетін сәулетті ғимарат қана емес, ол Павлодар облысындағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған басым жобаларды қолдау бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсететін орталық болып табылады.

«Достық үйінің алтын шаңырағы астында жарқын жобалар бастау алып, бірегей тұлғалар өз идеяларын жүзеге асыруда. Әркімнің сүйікті орны өңірдің әлеуметтік өмірі мен азаматтық бастамаларының ажырамас бөлігіне айналды. Шығармашылық атмосферасы мен көп форматты шығармашылық Достық үйін жастар үшін тартымды орынға және бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің ошағына айналдырды», - деді Әсел Аманова.

Баяндамашылар жағымды ұлттық мәдени бірегейлікті тарату, Павлодар өңіріндегі этностардың озық дәстүрлерін сақтау, қолдау және дамыту, бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларына негізделген этносаралық диалогты қалыптастыруға қатысты тақырыптарды қамтыды.