Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІ ЧЕХИЯДА: COUNTRY PRESENTATION

01.12.2025

Марғұлан университетінің «Химия және биология» білім беру бағдарламасының студенті Альмира Ардаққызы қазір Чехияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуда. Оқумен қатар ол университеттің студенттік өміріне белсенді қатысып жүр.

 Жуырда Альмира KІMEP студенттерімен бірге Қазақстанға арналған Country Presentation атты іс-шара өткізді. Студенттер мазмұнды презентация дайындап, еліміздің географиясы, бай мәдениеті мен дәстүрлері туралы әңгімеледі.

Қонақтар қазақтың ұлттық билерін тамашалап, тіпті бірнеше билеу қимылдарын үйреніп көрді. Сонымен бірге студенттер қазақ тілінің ерекшеліктерін таныстыру мақсатында қызықты жаңылтпаштар дайындады. Іс-шара ұлттық тағамдардан дәм татумен аяқталып, шетелдік студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

 Альмира Қазақстанды және Марғұлан университетін шет елде абыроймен таныстырып жүр.