Перейти к содержимому страницы.

«ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТҮРКИЯ ТАРИХИ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

21.11.2022

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Қазақстан және Түркия тарихи ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесуге Түркияның Токат Газиосманпаша университетінің профессоры, PhD Alpaslan Demir қатысып, «Әлемдегі қоныстану мәселесі: жоғалған ауылдар (XVI-XX ғасырлар)» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гүлфира Өтепова, тарих ғылымдарының кандидаты, ППУ қауымдастырылған профессоры Нұркен Күзембаев, Тарих ғылымдарының кандидаты, торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры Ботагөз Елмұратова, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Аслан Азербаев сынды тарихшы ғалымдар қатысып, Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихи-мәдени байланыстар туралы айтты. Шараны гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анар Кәрімова жүргізіп, тарихтағы деректану мәселесінің өзектілігі туралы сөз етті.

- Дерексіз тарих жоқ. Тек археологиялық қазба жұмыстар арқылы орта ғасырлық және ежелгі тарихты көрсетіп отырмыз. Бұл жерде Әлкей Марғұлан орталығының еңбегі зор. Жалпы, күрделі мәселелерді қарастыру үшін деректану мәселесіне көп көңіл аударуымыз керек. Мысалы 1920-30 жылдардан бергі оқиғалар туралы ата-әжелеріміздің ауызша әңгімесі көп. Бірақ, дерек жоқтың қасы. Негізі ауызша айтылған тарихты ғылыми айналымға енгізу үшін дәлел керек.Сондықтан, бұл жерде деректану саласын дамытудың маңызы өте зор, - деді Анар Еркенқызы.