Перейти к содержимому страницы.

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

23.02.2023

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ ұстаздары Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінде облыс көлемінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін «Қазақ тілі мен әдебиеті: қазіргі ұстаным қағидалары» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар Марғұлан университетінің 85 жылдық мерейтойымен орайластырылып ұйымдастырылды. Университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Жарқын Қабдолов ректор Жанбол Жилбаевтың құттықтау сөзін жеткізді.

Білім беру бағдарламасының оқытушылары филология ғылымдарының докторы, профессор Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының кандидаттары, профессор Әділбек Әміренов Ырысгүл Шақаман және Қуаныш Ерғалиевтер қазақ тіл білімі мен әдебиетіндегі өзекті мәселелер бойынша дәрістер оқыды.

Ғалымдар қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктері мен қазіргі ұстаным қағидаларын мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып, талдаулар жүргізіп, ой бөлісті. Қатысқан мұғалімдер болашақ тәжірибелеріне құнды ақпарат алғандарын айтып, алғысын білдірді.

Кездесу соңында Абай атындағы №10 лицей-мектебінің директоры Салтанат Шабажанова құттықтай келген университет ұжымына ризашылығын білдіріп, осындай семинарлардың жиі өткізіліп тұруын тіледі, себебі қазақ тілі мен әдебиеті ғылымында әлі де бірлесіп анықтайтын жүйеге келтірілмеген жағдайлардың кездесетінін алға тартты.

Алдағы уақытта лицей-мектептебінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқитын оқушылардың қатысуымен семинар өткізу жоспарлануда.