ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
18.05.2023
Павлодарда қазақ күресінен Кемер Әшімбетовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті. «Баянтау» спорт кешенінде өткен дүбірлі додаға 23 жасқа дейінгі жастар қатысып, күш сынасты. Жарысқа Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің құрама командасы қатысып, университет қоржынын бірқатар медальмен толықтырды.
Турнирге Марғұлан университеті өнер және спорт жоғары мектебінің 20-ға жуық студенті қатысып, 5 алтын медаль, 8 күміс медаль және 2 қола медалін жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, Қияқбаев Дамир, Мұратхан Дарима, Адепбай Мөлдір, Тілеубаева Камилла, Манап Әселдер жүлделі бірінші орындарды жеңіп алды.
Ал Жаңбырбаев Ислам, Тұрсын Дамир, Сайлаубай Аяна, Ырымбай Аяулы, Амрен Жамилә, Мұхан Әлия, Маден Аружан, Көппаева Әсем сынды спортшылар екінші жүлдені еншіледі.
Сонымен қатар, Қаршиев Алмаз бен Рахметолла Аяулым үшінші орынға ие болды. Спортшыларды өнер және спорт мектебінің жаттықтырушылары Қайрат Темірболатов және Жанар Усина дайындады.
Спортшылар мен олардың бапкерлерін жүлделерімен құттықтаймыз!