ҚАЙТА ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
05.12.2025
«Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің» Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының педагогтік қайта даярлау курстарының тыңдаушыларымен кездесуі өтті.
Ректор өз сөзінде педагог кадрларға деген сұраныстың жоғары екенін атап өтіп, білікті мұғалім – білім беру жүйесінің дамуының негізгі қозғаушы күші болып қала беретінін айтты.
Кездесудің құрметті қонағы – Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Умбетаева Жанар Сайлаубекқызы болды. Ол тыңдаушыларға мектептің қызметі туралы ақпарат беріп, заманауи педагогке қойылатын талаптар мен кәсіби өсу мүмкіндіктері жөнінде айтты.
Сонымен қатар іс-шарада педагогика жоғары мектебінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Асенова Назымгүл Сабырқызы сөз сөйлеп, педагогикалық құзыреттерді дамыту мәселелерін және болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың ерекшеліктерін ашып көрсетті.
Тыңдаушыларға Назарбаев зияткерлік мектептеріне жұмысқа орналасу бойынша конкурсқа қатысу және мектеп базасында педагогикалық тәжірибеден өту мүмкіндігі ұсынылды.
Кездесу сындарлы және мазмұнды өтті, кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және болашақ педагогтердің дамуын жоспарлау үшін маңызды алаңға айналды.




