ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20.02.2025
Марғұлан университетінің студенттері жақсылық пен қайырымдылық жасаудан қалысқан емес. Бүгін “Lotos” студенттік ұйымының бастамасы бойынша университеттің бас ғимараты мен №5 оқу ғимаратында Өмірбек Әмір есімді кішкентай бүлдіршіннің еміне арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Оған оқу орнымыздың көптеген студенттік ұйымдары мен жоғары мектептері қатысып, өздерінің қолдан әзірлеген тағамдарын сатуға қойды.
“Lotos” студенттік ұйымының төрайымы Дана Шағыманның айтуынша, жәрмеңкенің соңында 178128 теңге жиналған. Барлық сома Өмірбек Әмірдің анасына аударылды. Осы ретте ұйымдастырушылар атсалысқан барлық студенттерге, оқытушыларға, қызметкерлерге алғыстарын білдіреді. Айта кетер болсақ, кішкентай бүлдіршінге жедел лимфобластикалық лейкоз диагнозы қойылған.