ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
17.05.2024
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің белсенді жастары қайырымдылық жәрмеңкелерін жиі өткізіп, мұқтаж жандарға қолұшын созуды дәстүрге айналдырған. Студенттік парламентінің ұйымдастыруымен және «Lotos» еріктілер ұйымының бастауымен өткен «Жақсылық жасайық» қайырымдылық жәрмеңкесіне студенттер мен университет қызметкерлері белсенді қатысты. Бұл жолғы қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражат Бактыбай-Анаев Санжар есімді бүлдіршіннің ата-анасына берілді.
Шараға Enactus, «Ғибрат» шығармашылық бірлестігі, КДМ, «Lotos», MU ENTERTAINMENT сынды студенттік ұйымдас қатысты, ал басқа ұйымдар болса, бірден ақшалай аударымдар жасады дейді ұйымдастырушылар.