"ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ-МЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
08.04.2026
Мансап және практика орталығы «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, білім беру грантын міндетті өтеу мәселелері бойынша түлектермен онлайн кездесу өткізді.
Zoom платформасында өткен кездесуде қатысушыларға міндетті өтеу тәртібі, міндеттемелерді орындау мерзімдері жан-жақты түсіндіріліп, түлектердің өзекті сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, құқықтық аспектілерге және міндеттемелерді орындаудың мүмкін жолдарына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға толық ақпарат алуға және өз білімдерін арттыруға мүмкіндік берді.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен қызығушылығы үшін алғыс білдіреміз!



