ҚАНЫШ СӘТПАЕВ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІС
09.04.2026
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Марғұлан университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі ұйымдастырған ғылым онкүндігі аясында «Сәулесі сөнбес нар тұлға» атты ашық дәріс өтті. Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Анар Каримова жүргізді.
Дәріске қала мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Кездесудің басты мақсаты — қазақ халқының көрнекті перзенті, тұңғыш геолог-ғалым, академик Қаныш Сәтбаевтың тұлғасын жан-жақты таныту және оның мұрасын кеңінен насихаттау.
Дәріс барысында ғалымның адамгершілік қасиеттері, оның мейірімділігі, жауапкершілігі және адамдарға деген ілтипатты қарым-қатынасы туралы айтылды. Сонымен қатар, оның ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі мен ел болашағы жолындағы адал қызметі ерекше атап өтілді.
Ұйымдастырушылар Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы, еңбекқорлығы мен туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігі өскелең ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті.

