ҚАНАПЬЯНОВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
11.10.2024
Ағымдағы жылдың 11 қазанында Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Канапьянов атындағы жоғары колледж оқытушылары үшін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нормаларын түсіндіру бойынша кезекті семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында Марғұлан Университетінің комплаенс-офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлерін, сондай-ақ университет қызметкерлерінің корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауын жеткізді.
Өз кезегінде оқытушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алуға мүмкіндік алды.
Марғұлан Университетінің Комплаенс-қызметі 87075665379 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша жұмыс істеп тұрған жедел желі туралы еске салады, онда ЖОО қызметкерлері, студенттер немесе кез келген басқа тұлғалар өздеріне ыңғайлы нысанда, оның ішінде құпиялылық не анонимдік шарттарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің, мүдделер қақтығысының өздеріне белгілі болған фактілері, оқу орнының қызметкерлері немесе басшылығы тарапынан корпоративтік Әдеп кодексінің нормаларын бұзу туралы хабарлай алады.