ҚАЛА ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
12.12.2024
Марғұлан университеті Педагогика жоғары мектебінің студенті Айтмұхамбет Томирис Дастанқызы Павлодар қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Марапатты қала әкімі Хасар Хабылбеков табыстап, студенттік қоғамдық белсенділігі үшін алғыс айтты. Мұндай марапат Томириске жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі және қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін берілген. Оның еңбекқорлығы, бастамашылдығы және өз ісіне деген адалдығы барша студентке үлгі.
Белсенді студентке шалқар шабыт және шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!