Перейти к содержимому страницы.

«ҚАДЫР ТАҒЫЛЫМЫ» САТИРА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

24.02.2025

Бүнін Торайғыров атындағы облыстық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, аудармашы, сатирик Қадыр Тайшықовтың 125 жылдығына орай «Қадыр тағылымы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Шара барысында Қадыр Тайшықовтың 125 жылдығына орай өткен «Сатира сырбазы» атты облыстық сатира байқауының  жеңімпаздары марапатталады. Аталған байқауға 16-20 жас аралығындағы жас қаламгерлер қатысып, сатиралық-прозалық шығармаларын ұсынды. Жас қаламгерлердің шығармаларын өңірімізге белгілі әдебиетшілер мен ақын-жазушылардан құрылған қазылар алқасы бағалап, үздіктер анықталды. Байқауға
Марғұлан университетінің «Құс қанат ғұмыр» әдеби-поэтикалық ұйымының студенттері де қатысып, жүлделі оралды. Атап айтсақ, Рамазан Дәуренбекұлы бірінші орынды жеңіп алса, Бақдәулет Төлеухан екінші орынға ие болды. Ал Мағзұм Имантай үшінші орынмен түйіндеді.