ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАРСЫ АЛУҒА ДАЙЫН!
20.06.2022
Бүгін Павлодар педагогикалық университетінің Қабылдау комиссиясы ресми түрде жұмысын бастады. Университеттің техникалық хатшылығы университеттің Бас оқу ғимаратында орналасқан.
Алғашқы күні таңертең биылғы жылы педагогикалық мамандықтарға түсуге ниет білдірген талапкерлер құжат тапсыра бастады. Олардың қатарында биылғы мектеп пен колледж түлектері, магистратурада білімін жетілдіргісі келетін ұстаздар да бар.
Бір жұмыс күні ішінде Қабылдау комиссиясына өтініш білдірген 156-ның ішінде ҰБТ-дан 100-ден жоғары балл жинаған түлектер бар, оның екеуі «Алтын белгі» иегерлері.
Құрметті талапкерлер, шығармашылық емтихандарға өтініштер 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданатынын естеріңізге саламыз. Шығармашылық емтихандар университетте 8-13 шілде аралығында өтеді. Сондай-ақ, педагогикалық мамандықты таңдаған әрбір талапкер тапсыратын арнайы емтихан тапсыруға өтініштер қабылдануда.