Қ.ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
26.10.2022
ҚР Президенттігіне үміткер ретінде халықтық коалициясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың тіркелгені белгілі. Бүгін Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері Павлодар педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында сенімді өкілдер жастарды саяси тұрғыда белсенді болуға және алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа барған болатын. Сол кезде 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жаңа ауқымды жобасы жүзеге асырылатынын атап өтті. Аталған жоба бойынша жыл сайын "Самұрық-Қазына" қорының таза табысының кемінде 7 пайызы "Қазақстан халқына" Қоғамдық Қорына аудару қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, Республикада «Қазақстан халқына» қоры жұмыс істейді, ол арқылы әлеуметтік жобалар, соның ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерге арналған шәкіртақылар жүзеге асырылуда. Одан бөлек, уақытша жұмыссыз жүрген азаматтарды қолдау жүйесі де күшейтіледі, яғни елдегі жұмыссыздық мәселесіне көңіл бөлінеді. Бұл шаралардың барлығы мемлекеттің әділетті әлеуметтік саясатының тікелей көрінісі болмақ.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері 20 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатсыуға және әділ Қазақстанды бірге құруға шақырды.