ҒЫЛЫМИ ІЗДЕНІСТЕР МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ
14.04.2022
Павлодар педагогикалық университеті «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі» «Шетел тілі: екі шетел тілі» ББ базасында Ғылым қызметкерлері күніне орай басталған ғылым онкүндігі аясында «Мектептегі ғылыми жоба: Неге? Не? Қалай?» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға Павлодар қаласындағы тірек мектептердің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Атап айтқанда Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясынан, Павлодар қаласының №11 ЖОББМ, №24 ЖОББМ және "Білім-Инновация" лицейінен 45 оқушы қатысты. Модератор ретінде филология ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Нығметова Бибігүл Жамбылқызы дәріс оқыды.
Іс – шараның негізгі мақсаты-мектеп жобаларын әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсету, әдіснамалық тәсілдер мен практикаларды ғылыми талқылау платформасын құру, ғылыми кеңес беру.