ПРОФЕССОР ВИКТОР КОЛЬЕВТІҢ «ЖИЗНЬ И СУДЬБА» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
22.09.2023
Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде оқу орынның тұңғыш ректоры болған Анатолий Катерининің 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті. Осы ауқымды шара барысында Марғұлан университетінің профессоры Виктор Кольевтің «Жизнь и судьба» кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсаукесер рәсімін Марғұлан университетінің ректоры Жанбол Жилбаев атқарып, бас кейіпкері Виктор Кольевтің еңбегіне зор жеміс тіледі.
Кітап Марғұлан университетінің қалыптасуына, студенттер спортының дамуына зор үлес қосқан Виктор Тихоновичтің қиын балалық шағы, одан кейінгі өмірі туралы жазылған. Сонымен қатар, профессордың педагогикалық еңбегі мен жаттықтырушылық қызметінің қалыптасуына арналған.
-Мен бұрынғы Павлодар педагогикалық институты, қазіргі Марғұлан атындағы педагогикалық университетте 56 жыл қызмет істедім. Яғни 1967 жылы қыркүйек айында келген едім. Содан бері деканатта еңбек істедім, 27 жыл декан болдым. Бұл ұжымда жұмыс істеген өзіме ерекше ұнайды. Ерекше адамдармен әріптес болдым. Университет көптеген спорттық жетістіктерге жетті. Көптеген спортшылар шықты. Әлі де Үлкен белестерді бағындырады деп сенемін, - деді Виктор Кольев.