Перейти к содержимому страницы.

ПРОФЕССОР НЕЛЛИ ПФЕЙФЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ДӘРІСІ

08.12.2023

Марғұлан Университетінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нелли Пфейфердің «Болон процесі - Қазақстан Республикасының еуропалық жоғары білім кеңістігіне ену факторы» тақырыбында ашық дәрісі өтті. Ашық дәріске оқытушылар, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Дәрістің мақсаты - еуропалық жоғары білім кеңістігінің кең ауқымды көрінісін қалыптастыру. Профессор өз сөзінде Болон процесі контекстінде еуропалық жоғары білім кеңістігінің қалыптасу хронологиялық реттілігіне тоқталды. 

Кездесу барысында профессор Нелли Пфейфер Қазақстан Республикасының міндетті, факультативтік және ұсынымдық параметрлерін іске асыруға баса назар аударды.Сонымен қатар, Қазақстанның жоғары білімінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, Болон процесінде басым бағыттарға қол жеткізу мүмкіндігін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы хартиясының мақсаты - сапалы білім беруді, кәсіптік даярлықты қамтамасыз ету, жаңа ұрпақтың әлеуетін арттыру, білім беру саласында инновацияларды енгізу», - дейді Нелли Пфейфер.

Пфейфер Нелли Эмильевна педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары үшін Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған. Ғалымның жетекшілігімен 23 магистрлік, 14 кандидаттық диссертация және 4 докторлық диссертация қорғалды. 210-нан астам ғылыми жұмыстың авторы.