Перейти к содержимому страницы.

ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖАЗУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІМЕН БӨЛІСТІ

14.04.2023

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде Ғылым онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қуаныш Ерғалиев «Ғылыми жұмыс жазудың әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинарға гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттері және магистранттары қатысты.

Профессордың айтуынша, студент диплом жұмысын жазбас бұрын кемінде екі мақала жазуы керек. Бұл болашақта ғылыммен айнлысатын студенттер үшін жақсы бастама. Бүгінгі таңда жоғары мектепте студенттерге арналған ғылыми үйірмелер бар. Мұнда ғалымдар студенттерді ғылымға баулып, білімін ұштап, талабын шыңдайды.

- Ғылыми жұмыс жазудың өзіндік талаптары және стилдік ерекшеліктері бар. Мұндай мақалалар белгілі бір зерттеушілердің еңбектеріне сілтеме жасай отырып жазылады. Ғылыми жұмыстарды жазу үшін алдымен тақырыпты дұрыс таңдап алу қажет. Яғни, тақырыптың атауы, тараулар мен тараушалардың атауы болады. Ғылыми жұмыстың мазмұны, мақсаты мен міндеті және қорытындысы бір-бірімен байланысты боулы керек. Мысалы мазмұнында төрт тарауша болса, қорытындысында төрт тұжырым жасалады, - дейді Қуаныш Ерғалиұлы.

Семинар соңында студенттер мен магистранттар ғылыми жұмыс жазудың ерекшеліктері туралы сұрақтарын қойды.