ППУ ұжымы «Ең әдемі киім - ұлттық киім» жобасын қолдайды
18.03.2022
Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы университетке 14 наурыздан бастап ұлттық киіммен келуде.
Мақсатымыз – наурыз мерекесіне орай халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін жаңғыртып, ұмытылып бара жатқан оюлы киімдерді күнделікті өмірде, жұмыста киюге болатынын көрсету. Себебі, қазіргі таңда ұлттық нақыштағы киімдердің үйге де, көшеге де, жұмысқа да қолайлы заманауи үлгілері пайда болып жатыр.
Бүгінде Павлодар педагогикалық университетінің әкімшілік қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері және М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж мұғалімдері мен студенттері ұлттық киіммен келіп жүр.
- М.Қанапиянов атындағ жоғары колледжінде 37 топ бар. Осы топтарда оқитын студенттер мен оларға сабақ беретін оқытушылардың барлығы 14 наурыздан бері ұлттық киіммен келе бастады. Балалардың сыныптағы көрінісі көзтартардық, ерекше жарасымды көрінеді. Жалпы, біздің студенттер Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау шарасына ерекше белсенділікпен атсалысуда. Жақында Исламхан Дидар есімді оқушымыз универстет қабырғасында өткен ұлттық тағамдар және ұлттық киімдер акциясына қатысып, етті мүшелеуді, пісіруді және сыйлы қонаққа тарту жоралғысын көрсетті, - дейді М.Қанапиянов атындағы жоғары колледж директорының орынбасары Жанна Оралқызы.