Президенттік кадр резервіне қалай кіруге болады?
17.09.2021
Павлодар педагогикалық университетінде Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуді түсіндіру бойынша кездесу өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайрақбаев және Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Гүлнар Исенова магистранттарға, докторанттар мен жас оқытушыларға болашақ басқарушыларды іріктеу қалай жүргізілетіні туралы айтып берді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Қайрақбаевтың айтуынша, жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімі және бес жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады және мемлекеттік тілді білу міндетті шарт болып табылады. "Павлодар педагогикалық университетінің көптеген магистранттары мен докторанттары біздің жобаға қызығушылық танытып қана қоймай, қатысуға ниет білдірді. Біз олармен әңгімелесіп, жастар кадрлық резервіне үміткер болуға лайықты жалынды жастардың бар екенін байқадық", - деп атап өтті Гүлнара Константиновна. Естеріңізге сала кетейік, президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуға өтінімді 30 қыркүйекке дейін интернет-порталда беруге болады pkrezerv.gov.kz.