Перейти к содержимому страницы.

ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІНІҢ ПАВЛОДАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУІ

09.06.2025

Бүгін Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шара барысында ол қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сәлемін жеткізіп, Ұлттық құрылтайдың IV отырысында көтерілген негізгі мәселелерге кеңінен тоқталды.

Айта кету керек, Президент өзінің бағдарламалық баяндамасында Қазақстанның болашағы құрылатын үш іргелі құндылықты атап өтті: әділеттілік, ұрпақтар сабақтастығы және прогресс. Мемлекет басшысының айтуынша, тек әділетті шешім қабылдай алатын азамат қана қоғамға нақты пайда әкеле алады.

Президент Кеңесшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл баяндамасы өзекті міндеттер мен халықтың қажеттіліктерін шешуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды құжаты болып табылатынын атап өтті.

Кездесу барысында жоғары білімді дамыту, жастарды қолдау және ғылымды ілгерілету мәселелері де талқыланды. Қатысушылар осы салалардағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.

Іс-шараның модераторы Марғұлан университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ержан Әмірбекұлы болды.