«ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ҚОҒАММЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛЫ» АТТЫ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ
11.10.2022
Бүгін «Павлодар педагогикалық университеті» «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» ғылыми-зерттеу тобымен бірлесе «Президент жолдауы – қоғаммен тікелей байланыс құралы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Саяси маңызы бар жиынның негізгі мақсаты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, елдегі ғылым саласының даму деңгейіне сараптама жасау. Ауқымды жиынға Университет профессорлары мен ҚХА мүшелері, сондай-ақ, студенттер қауымы қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айының басындағы жолдауында да бұл тақырыпты тереңінен қозғаған болатын. Әсіресе, тарихи шындықтарды қайта қарауға, елдің қоғамдық-саяси дамуының құндылықтарын қайта бағалауға және билік пен халық арасындағы байланыс. Мұның барлығы назардан тыс қалмауы шарт. Келелі кеңестің де міндеті сол. Президент саясатын жүйелі түрде жүзеге асыру.
Бірінші болып сөз алған Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің оқытушысы, профессор Бекен Сағындықүлы Мемлекет басшысының жолдауына кеңінен тоқталып, қолдайтындығын жеткізді. Себебі, алдағы жоспар аталмыш жолдау аясында бекітілетіндігін де тілге тиек етті. Тіпті, ел Президентінің бұл жолғы мәлімдемесі 1-қыркүйек – білім күнімен тұспа-тұс келуінде де үлкен саяси мән бар,-дейді бекен Сағындықұлы.
Ал, университетке табан тірей келген ҚХА мүшелері кезекті жолдау ел ішінде кеңінен насихатталып жатқандығын айтады. Әрине, әсіресе әлеуметтік мәселелердің біртіндеп шешіліп жатқандығы қуантады. Сондықтан, жоспарды жүйелі жүсеге асыру үшін көптің қолдауы аса маңызды,-дейді меймандар.
Жалпы, осындай жиындардың жастарға берері мол. Елдің болашағы жастардың қолында. «Кешегі бабалардың ізін жалғап, саяси-мәдени шараларға араласу әр тұрғынның азаматтық міндеті деп есептеймін. Сондықтан, Мемлекет басшысының жолдауын қолдаймын. Елім,жерім деген әр азамат осындай ойда болуы керек» - деп есептейді ШтӘ-23 тобының студенті Сая Еркеш.
Сонымен қатар, қазақстан үшін маңыздылығы жоғары алдағы өтетін саяси науқан ҚР президентінің сайлауы тақырыбында да әңгіме өрбіді. Жиын соңы «Президент жолдауы – қоғаммен тікелей байланыс құралы» тақырыбында кітап көрмесі мен қорытындыланды.