ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
01.09.2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауын жариялады. Білім күнімен қатар келген жолдауды Павлодар педагогикалық университетінің ұжымы да тыңдап, өз ойларын ортаға салды. Жалпы, Ел Президентінің кезекті жолдауы мемлекетіміздің дамуына септігін тигізетін сан салаға қатысты болды. Әсіресе, экономикалық бағыт басты назарда. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде экономиканың нақты секторына көп көңіл бөлу керектігін тілге тиек етті. Сонымен қатар, салық төлеу мәселелеріндегі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтті. Ал, денсаулық сақтау саласындағы олқылықтар мен кем-кетіктің орынын толтыру керек. Бұл бағыттағы кемшіліктер ел дамуына кері әсер етеді. Аулан-ауылдардағы медицина сапасы сын көтермейді,-деді Президент.
Білім беру саласы - ұлт дауында ерекше орын алатын бағыттардың бірі. Ұстаздарға артылға жүк ауыр, жауапкершілік жоғары. Сондықтан, ұстаздар мен тәрбиешілердің жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылықтан алшақтату керек екендігін айтты. Ал, 2025 жылға дейін еліміздегі орта білім беру мекемелерінің 90%-ы заманауи мектеп қағидатына ауыспақ. Жалпы, еліміздегі білім беру мекемелері ата-аналар қауымымен тығыз байланыс орнатуы шарт. Себебі, Елдің болашағы жастардың қолында. Ал, жоғары білім беру бағыты бойынша білім алу несиелерін 30-дан 100%-ға дейін көтеру көзделіп отыр. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 2, 3%-дан аспауы керек. Дамыған заманда стуленттердің жатақханаларына көп көңіл бөлінеді. Бұл өз кезегінде студенттердің білім алуына жағдай жасамақ.
Бұдан бөлек, Ел бойынша ең төменгі жалақы мөлшері 62 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтерілмек. Ал, зейнетақы мөлшері 27%-ға артатын болады. Әйелтадамдардың зейнет жасы 2028 жылдан бастап 61 жас болып бекітіледі.
Президент жолдауында көтерілген тағы бір мәселе — жастарды жұмыспен қамту. Келер жылы 100 мың жас маман жаңа жұмысқа орналаспақ.
Қандастардың көшіп келуі мен ішкі миграция жұмысы толығымен өзгереді. Сырттан келетін қандастарға да қойылатын талаптар қатаң. Бұлардың бірнешеуіне ерекше тоқталып өтті. Жалпы, өскелең ұрпақ тек қана Қазақстанда ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де сұранысқа ие болуы керек. Сондықтан, тек бір мамандықты ғана тереңірек үйренуге кеңес беремін,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жалпы, қорыта айтқанда бұл жолғы Президент жолдауы да қолдау таппақ. Университет ұжымы Прещидент айтқан тақырыптарды талқыға салды. Әсіресе, білім беру саласына қатысты айтылған жаңашылдықтар мен жеңілдіктер ұстаздардың жұмысына зор серпін беретіні сөзсіз.