ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ
23.10.2025
Университет қабырғасында Нұркен Ерболұлы Күзембаевтың «Государства асов (азов, азкишей) в древности и средневековье в Казахстане и Центральной Азии» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Тұсаукесер PhD докторы, қауымдастырылған профессор Садыкова Айгүл Маратовнаның модераторлығымен және оқытушылар мен студенттердің Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана өкілдерінің қатысуымен өтті.
Нұркен Ерболұлының жарық көрген кітабы болашақ ұстаздармен тарихшы ғалымдар, сондай-ақ кең оқырман қауымы үшін ой көкжиегін кеңейтіп,жаңа ізденістерге шабыт береді деген сенімдеміз.